МАЭК-тегі жөндеу жұмыстары аяқталды

МАЭК-тегі жөндеу жұмыстары аяқталды
Фото: maek.kz

МАЭК-тегі жөндеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

6 шілдеде "МАЭК" ЖШС Жылу электр станциясындағы №1 энергоблокты жөндеу жұмыстары аяқталып, сағат 05.51-де іске қосылды.

Жөндеу жұмыстары 4 шілдеде энергоблок қазандығы біраз уақыт суытылып тұрған соң сағат 21:50-де басталды. Жұмыс тәулік бойы  MAЭК қызметкерлерінің күшімен жүргізілді.

Кәсіпорынның қызметкерлері оқиға болған сәттен бастап энергоблок қазандығындағы жөндеу жұмыстарын тезірек қолға алып, қалпына келтіруге жұмылды. МАЭК мамандарының уақытында жедел іс-қимыл жасауының  арқасында энергоблок жабдықтарына елеулі зақым келтірілген жоқ. Соның нәтижесінде, облыс орталығы мен Маңғыстау облысының елді мекендерінің тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтау бойынша шектеулер болған жоқ.

Еске салайық, 2023 жылғы 3 шілдеде сағат 17:31-де қазандыққа беріліп тұрған  тоқ деңгейінің күрт өсуіне байланысты "МАЭК" ЖШС  ЖЭС №1 энергоблогі мәжбүрлі түрде тоқтатылған болатын. 

Жөндеу жұмыстары арнайы жасақталған кесте бойынша жүргізілді, дегенмен жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина