Астанада тәрбиешілер мас жүрген: балалар қараусыз қалған

Астанада тәрбиешілер мас жүрген: балалар қараусыз қалған
Фото: Тұрар Қазанғапов

Астанада балабақшаның тәрбиешілері мас күйде жүрген. Балалар қараусыз қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астананың Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 4 шілдеде болған. 

"102-ге балабақшадағы тәрбиешілер мас күйде, ал балалар қараусыз қалғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген полицейлер бұл ақпаратты растаған: тәрбиешілер мас жүрген. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келді. Балалар ата-анасына табысталды", - дейді ПД өкілдері. 

Бұл дерек бойынша Байқоңыр аудандық Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған. Ол бойынша құқықтық баға берілетін болады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина