Мбаппе "Реалда" қай позицияда ойнайтыны белгілі болды

Мбаппе "Реалда" қай позицияда ойнайтыны белгілі болды
Фото: instagram/psg

AS басылымы Килиан Мбаппе "Реал" сапына өткен жағдайда сол қапталда ойнай алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, мадридтік клубта Винисиус Жуниормен жақсы түсіністік пен сыйластық бар. Бұл футболшының алаңдағы позициясына да әсерін тигізіп жатыр: егер "Реал" Мбаппені сапына қосса, франциялық шабуылшы сол қапталдан өзге барлық жерде ойнай береді. Өйткені бұл орын Винисиусқа тиесілі. 

Бразилиялық ойыншы былтыр "Реалмен" келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартқан. Алайда клуб жаңа келісімшарт туралы ресми хабарлаған жоқ. 

Ла Лиганың өткен маусымында Винисиус 33 матча он гол салып, тоғыз ассист жасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина