Демалыста ауа райы қандай болады?

Демалыста ауа райы қандай болады?
Фото: elements.envato.com

Синоптиктер 6-8 шілде күндері ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы мереке күндері республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Соған байланысты найзағай ойнап, екпінді жел соғады, 6-7 шілдеде орталықта қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.

Оңтүстік-шығыста, 6-8 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз.

"Батыста, оңтүстікте күндізгі температура 33-42 градус ыстық, республиканың қалған бөлігінде ауа температурасының аздап төмендеуі, солтүстік-батыста және орталықта 22-35 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстікте 23-30 градус, шығыста және оңтүстік-шығыста 20-30 градус жылы", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек