Концерт, фестиваль, турнир: Астана күнінде қайда баруға болады?

Концерт, фестиваль, турнир: Астана күнінде қайда баруға болады?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Елорданың 25 жылдық мерейтойына орай қалада көп тегін және ақылы іс-шара болады. Елорда тұрғындары мен қонақтары түрлі концерттерге, көрмелерге, қойылымдарға, фестивальдерге қатыса алады. Сондай-ақ, спорт федерациясының ұйымдастыруымен турнирлер өтеді. Massaget.kz тілшісі мерекелік шараларға шолу жасады. 

Астанада өтетін іс-шаралар

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

5-6 шілде

  • 5-6 шілдеде ЭКСПО алаңында балалар мен ересектерге арналған Gul Astana экофестивалі өтеді. Мұнда балалар үшін шеберлік сыныптары мен театрландырылған интерактив бағдарламалар, құммен сурет салу, гүлді оригами, аппликациялар және саз балшықпен жұмыс жасау алаңдары ұйымдастырылады. Мекенжайы - Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1

6 шілде 

  • 6 шілдеде қала шетінде, елді мекендерде қала тұрғындары мен қонақтары үшін "Думанды Астана" концерттері өтеді. Мерекелік концертте тұрғындарға эстрада әншілері өнер көрсетіп, аниматорлар кішкентай бүлдіршіндерге түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырады. 
  • 6 шілдеде ЭКСПО алаңында ашық аспан астындағы Оpen Air мерекелік концерті өтеді. Шарада ұлттық эстрада жұлдыздары Маржан Арапбаева, Дос, Akha, Мирас Жүгүнісов, Қазбек Құрайыш, Еркеш Хасен, Qanay, Райм өнер көрсетеді. Концерт сағат 18:00-де басталады. Мекенжайы - Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1.
  • 6 шілдеде Елорда күні "Қазақ елі" монументінің жанында Қайрат Баекеновтің "Жайнай бер, Астана!" атты мерекелік концерті өтеді. Іс-шара 19:30-да басталады. Мекенжайы - "Қазақ елі" монументі.
  • 6-8 шілдеде Орталық саябақта отбасылық демалысқа арналған Mereke Street фестивалі өтеді. Іс-шара сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін болады. Мекенжайы - Астана орталық саябағы.
  • 6 шілдеде Бәйге турнирі өтеді. "Қазанат" ипподромында еліміздің барлық өңірінен келген 100-ге жуық шабандоз бақ сынамақ. Жарыс бағдарламасына 7 шақырымдық бәйге - "құнан" және "жорға", 15 шақырымдық "төбе" және 22 шақырымдық "аламан" бәйгелері енгізілген. Іс-шара сағат 10:00-де басталады. Мекенжайы -  Қарқаралы тас жолы, 3.
  • 6 шілдеде Елорданың 25 жылдығына орай "Толағай алыптары" ашық қалалық турнирі өтеді. Турнирге 18 жастан асқан қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Мекенжайы - Орталық саябақ автотұрағы.

7 шілде 

  • 7 шілдеде "Жастар" театрында "Байқоңыр" жас ақындар айтысы өтеді. Іс-шара сағат 14:00 басталады. 
    Мекенжайы - Есенберлин көшесі, 10.
  • 7 шілдеде KITAP FEST Республикалық кітап көрмесі өтеді. Кітап фестивалінде кітап иллюстрацияланған көрме, кітап алмасу, қазақстандық жазушылармен және пікір көшбасшыларымен кездесулер мен шеберлік сабақтары, байқаулар мен акциялар, өлең оқу, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы, сондай-ақ, Қазақстанның ең ірі баспалары мен кітап дүкендерінен жәрмеңке болады. Іс-шара сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін жоспарланған. Мекенжайы - Мәңгілік Ел даңғылы 53/1. 

8-9 шілде

  • 8-9 шілде көше тағамдарының фестивалі өтеді. Көше тағамдарының фествивалі Орталық саябақта, амфитеатр аумағында өтеді. Онда елордамыздың 25 жылдығына орай әртүрлі елден 25 түрлі тағам дайындалады. Сондай-ақ, бауырсақ пісіруден рекорд орнатылады.

Сондай-ақ, "Алтын мұра", "Әзіл әлемі - Астанамызбен бірге өстік", "Елорда әуені", "Қыз Жібек" сынды ақылы іс-шаралар болады. 

Алматыда өтетін іс-шаралар

©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

6 шілдеде Абай алаңында сағат 20:00-де Астананың 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді. Сахнада Луина, Ziruza, Akim, Kyle Ruh, Bonapart, C.C.Tay, Malika Yes, Aya Funk, Rin'Go, "Жігіттер", "Бақай" тобы өнер көрсетеді.

Елорда күнін тойлау аясында қалада флешмобтар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, дәрістер, экспозициялар мен поэзия кештері өтеді.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді:

  • Наурызбай ауданында: 5 шілдеде сағат 11:00-де шағынаудан мекенжайындағы инновациялық шығармашылық орталығында концерт өтеді. Мекенжайы - Шұғыла, 347/4;
  • Алатау ауданында: Елорда күніне орай мерекелік шара 5 шілдеде сағат 17:00-де Атлетикалық ауылдың аумағында өтеді. Мекенжайы - Нұркент 5/2;
  • Түрксіб ауданында: 5 шілде күні сағат 18:00-де Сауранбаев көшесі бойындағы Арбатта Астана күніне орай эстрада жұлдыздары мен өнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік шара өтеді. Кейін 20:30-да ашық аспан астындағы фильм көрсетілімі болады.
  • Әуезов ауданында: Елорда күнін мерекелеуге орай 6 шілдеде сағат 11:00-де Family саябағында мерекелік концерт өтеді;
  • Медеу ауданында: 6 шілдеде сағат 11:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында мерекелік іс-шара өтеді. Мекенжайы - Гоголь, 1;
  • Алмалы ауданында: 6 шілдеде сағат 17:00-де MEGA Park сауда орталығының аумағында Елорда күніне орай мерекелік концерт өтеді;
  • Бостандық ауданында: 6 шілдеде сағат 18:00-де Mega Center Alma-Ata сауда үйінің амфитеатрында мерекелік концерт өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Астана күніне орай отшашу болмайтыны айтылды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек