Балаларды мектепке дайындау қаншалықты қымбаттады?

Балаларды мектепке дайындауға қанша кететіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мектепке дайындық маусымы қарсаңында Ranking.kz тілшілері 1 қыркүйекке дейін оқушы балаларға барлық қажетті керек-жарақ, киім-кешек пен аяқкиім сатып алу үшін ата-аналарға қанша ақша дайындау керек екенін есептеп шыққан. Шолу Қазақстанның әртүрлі қалаларындағы баға саясатында үлкен айырмашылықтары жоқ бөлшек сауда нысандарының екі санаты бойынша жасалған. Зерттеуге танымал дүкендер желілері мен маркетплейстердегі бағалар есептелген. 

Мектепке ең қажетті сатып алулар тізіміне біз ҚР-да бекітілген стандарт негізіндегі мектеп формасы, сонымен қатар күнделікті және спорттық аяқкиім, дене шынықтыруға арналған форма, ортопедиялық арқасы бар рюкзак және кеңсе тауарларының жиынтығын қостық. Соңғысы талап етілетін минимумның мысалы ретінде бастауыш мектеп үшін алынды. Ол орта және жоғары сынып оқушыларына арналған пәндерді есепке алмайды - әр сыныпта керек-жарақ жиынтығына қойылатын талаптар әртүрлі.

Нәтижесінде 25 маусымдағы жағдай бойынша, аталған заттардың жалпы құны 100 мың теңгені құрады. Ұлдар мен қыздардың заттарының бағасындағы айырмашылық шамалы болып шықты, бірақ дүкендер мен маркетплейстердегі сауда құнының айырмашылығы шамамен 10 мың теңге болды. Интернетте мектеп формасы мен керек-жарақтарын сатып алу арзанырақ - ұл балаға 95,8 мың теңге, қыз балаға 96,3 мың теңге болса, дүкендер желісінде ұлдарға арналған ең төменгі мектеп жиынтығының құны 105,5 мың теңге, қыздардікі - 105,6 мың теңге.

100 мың теңге соңғы сома емес. Есептеу әдісі басқа шығындарды есепке алмаған: мұғалімге арналған гүл шоғы, жұмыс және пән дәптерлері, шұлық, бантиктер, шаш қыстырғыштары, қыздарға арналған ақ гольф немесе колготки, күзгі сырт киім, жарты маусымдық туфли, сынып қорына ата-аналар комитеті жинайтын ақша және т. б.

Тұтыну бағасының индексіне сүйенсек, балалар киімі, аяқкиім және кеңсе тауарлары орташа алғанда азық-түлік емес тауарларға қарағанда қымбатырақ. Мәселен, биыл мамыр айында бұл кеңейтілген топ бойынша инфляция деңгейі 117,2 пайыз болса, балалар киіміне - 118,7 пайыз, аяқкиімге - 120,1 пайыз, кеңсе тауарларына - 167,5 пайыз болды.

Балалар тауарларының санаттары бағасының өсу динамикасы оқу маусымына байланысты емес, керісінше жалпы инфляциямен синхронды. Яғни, айтарлықтай өсім жазда емес, 2022 жылдың соңы - 2023 жылдың басында байқалды. Жалғыз ерекшелік, мүмкін, былтыр тамыз айында кеңсе тауарлары бағасының күрт секіруі деп санауға болады. Оқу маусымы басталар алдында кеңсе тауарларының баға индексі шілде айымен салыстырғанда 148,5 пайыз, жылдық мәнде - 160,5 пайыз (яғни өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда). Дегенмен, дәптер, қалам, қарындаш және мектепке қажетті басқа да заттардың өте жоғары баға индекстері әлі де сақталып тұр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!