"Оператор РОП" бойынша іздеуде жүрген әйел ұсталды

ӨКМ операторы бойынша іздеуде жүрген әйел Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін "Оператор РОП" ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш.Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын.

Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асыруда.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!