Шымкентте көлікте отырып есірткі қолданған екі ер адам видеоға түсіп қалды

Шымкентте бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда көлікте отырып есірткі қолданған екі ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Видеода Toyota Camry көлігінің алдыңғы орындығында отырған жігіт бағдаршамға тоқтап, қағаз ақшаны түтікке домалатып, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскегені көрінеді. 

ЖБО-ның кезекшілері бұл туралы дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажына хабарлады.

Тәртіп сақшылары көлікті Назарбеков көшесінің бойында 4 минут ішінде ұстады.

Тексеру барысында көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 24 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!