Жетісу облысындағы ең қарт әже қайтыс болды

Жетісу облысындағы ең қарт әже Алтынхан Белдеубайқызы 112 жасқа қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Жетісу облысы Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметі өкілдері растады. 

"Жетісу облысындағы ең қарт әже 112 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Жерлеу рәсімі ертең өтеді", - деді Жетісу облысы Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Ведомство мәліметінше, Алтынхан Белдеубайқызы 1911 жылы Баянөлкеде өмірге келген. Жастайынан іскер болған қарт ана 3 перзентті өмірге әкеліп, 13 немере, 20 шақты шөбере, 3 шөпшек сүйген.

Еске салайық, бұған дейін елімізде тұрғындары ең жас өңір анықталған еді. 

Қазақстанда қартаю индексі бір жыл ішінде 1,6 пайызға өсті. Өңірлер арасында тұрғындары ең жас өңір Маңғыстау облысы болды. Ал қартаюдың төмен индексі Түркістан облысында, онда көрсеткіш - 11,3 және Шымкент қаласындағы көрсеткіш - 11,7.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!