Әкесі мен ұлы күшікті аяусыз ұрып, бауыздаған - видео

Әкесі мен ұлы күшікті аяусыз ұрып, бауыздаған - видео
Фото: Видеодан алынған кадр

Өзбекстанда Сурхандария облысында жантүршігерлік оқиға болды. Жергілікті тұрғындар күшікті аяусыз ұрып, бауыздаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап. 

Mehr va Oqibat жануарларды қорғау ұйымының мәліметінше, 53 жастағы ер адам мен оның 33 жастағы ұлы ойнап жүріп тауықты тұншықтырып өлтірген күшікті аяусыз ұрған. Олар оны алдымен таяқпен қатты ұрып, кейін бауыздаған. Қаскөйлер бұл әрекетін камераға түсіріп, күшік берген адамға жіберген.

"Ішкі істер министрлігінен бұл адамдарды тауып, заң бойынша жазалауын сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек