Көкшетауда тау төбесінде жазылған "Көкшетау" жазуы құлап түсті (видео)

Көкшетауда тау төбесінде жазылған "Көкшетау" жазуы құлап түсті (видео)
Фото: 716.kz

Көкшетауда әлемге әйгілі "Голливуд" стилінде жазылған "Көкшетау" жазуының жартысы қатты дауылдың салдарынан құлап түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Таңнан бері қатты ысыған күннің арты қатты шаңды дауылға айналып кетті. Бұдан кейін күн күркіреп жаңбыр жауған. Қатты дауылдың салдарынан таудың төбесінде жазылған жазу құлап түскен.

Мұнымен қоса табиғаттың тосын мінезінен салынып жатқан құрылыстардың бірінің шатыры ұшып, автокөліктер зақымдалып, сондай-ақ ағаштар құлаған.

Қазіргі уақытта тиісті құзырлы органдар жұмыс жүргізіп жатыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина