Терезеден зат лақтырған: Желідегі видеодан кейін елорда тұрғыны психикалық орталыққа жатқызылды

Фото: Видеодан алынған кадр

Елордада ботаникалық бақта жүрген адамдар тосын жайттың куәсі болды. Тұрғын үй кешенінің терезесінен тротуарға әртүрлі заттар лақтырылған. Оқиғаға қатысты Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кейбір заттар мен тұрмыстық заттар тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында орналасқан мейрамхананың орындықтары мен үстелдеріне құлаған.

"3 шілдеде 102-ге тұрғын үйдің жоғарғы қабатының терезесінен тұрмыстық заттар лақтырылып, мейрамхананың мүлкіне зиян келтірілгені туралы хабарлама келді. Бұл дерек бойынша 25 жастағы қыз анықталып, тексерістен кейін қалалық психикалық денсаулық орталығының жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Медициналық тексерістен кейін құқықтық баға беріледі", - деді елордалық департаменттің баспасөз қызметі өкілі Тengrinews.kz басылымына.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова