16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

5 шілдеде Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. 5 шілдеде облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Павлодар қаласында 5 шілдеде күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

5 шілдеде Костанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қаласында 5 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.

5 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының түнде батысында, орталығында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күші секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қаласында 5 шілдеде жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

5 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. 5-06 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады. Петропавл қаласында 5 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 5-06 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.

5 шілдеде Абай облысының түнде батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында күші секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қаласында 5 шілдеде жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

5 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. 5 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

5 шілдеде Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында 17-22 м/с. 5 шілдеде облыстың көп бөлігінде жоғары өрт қаупі, облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 5 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

5 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады

5 шілдеде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде облыстың солтүстігінде, орталығында секундына 15-20 метр күтіледі. 5 шілдеде Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 5 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

5 шілдеде күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 5 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 5 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

5 шілдеде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 5 шілдеде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігінде күтіледі. Кокшетау қаласында 5 шілдеде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Астана қаласында 5 шілдеде найзағай күтіледі. 5 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.

5 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

5 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 5 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

5 шілдеде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. 5 шілдеде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында 5 шілдеде найзағай күтіледі. Қонаев қаласында 5 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр.

5 шілдеде түнде Атырау облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, батысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 5 шілдеде облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 5 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!