Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: Polisia.kz

Алматы-Өскемен тасжолында ер адам шетелдік көліктің астына түсіп, қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты 4 шілдеде Жетісу облысының Кербұлақ ауданында Lexus ES 300 автокөлігімен болды. Жапондық шетелдік көлікті 34 жастағы ер адам басқарған, ол Алматы-Өскемен тас жолының 177 шақырымында жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды.

Қаза тапқан адам Көксу ауданының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның елсіз далада түнгі трассада жүру себебін қазір полицейлер анықтап жатыр.

Бұл дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындала отырып, тергеу амалдары басталды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина