Алматы облысының әкімі қанша жалақы алатынын айтты

Алматы облысының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Фото: gov.kz

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шенеунік жалақыға еңбек өтілі әсер ететінін мәлімдеді.

"Барлық саяси мемлекеттік қызметшінің жалақысы бірдей және мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілін есепке алғанда екі миллион теңге болады. Менің 19 жылдық еңбек өтілім бар, жалақым - 2 миллион 414 мың теңге", - деді әкім.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының әкімі ағасының қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова