"Жұмыстан шығуға мәжбүр болды". Алматы облысының әкімі ағасының қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бауыры бұрын осы өңірде аудан әкімі болғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Туған ағаңыз Қуат Сұлтанғазиев сіз тағайындалғанға дейін жарты жыл бұрын Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болды. Кейін сіз өңірге келдіңіз және ол өз орнынан кетуге мәжбүр болды. Сіздің ойыңызша, ол сіз үшін мансабын құрбан етті ме" - деп сұрады журналист.

Шенеунік бәрі заңға сай жүзеге асырылғанын жеткізді.

"Заң бойынша жақын туыстарымызбен тікелей бағыныштылықта жұмыс істей алмаймыз. Тиісінше, ол жұмыстан шығуға мәжбүр болды. Жұмысымның бірінші күні арыз жазды. Алайда оған басқа аймаққа ауысу туралы ұсыныстар түсті. Бірақ оған осында қалу маңызды болды, өйткені отбасы, балалары осы өңірде тұрады. Сондықтан қалды", - деді әкім.

Сұлтанғазиевтің сөзінше, бұрын аудан әкімі болған бауыры қазір Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жұмыс істейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!