Атырауда улы газды нормадан артық шығарған компанияға 7 миллиард теңгеден аса айыппұл салынды

Атырауда көмірқышқыл газын нормадан артық шығарған компанияға 7 миллиард теңгеден аса айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар24" телеарнасына сілтеме жасап.

Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы негізінде Экология департаменті Karabatan Utility Solutions ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізген еді. Тексеріс нәтижесінде қоршаған ортаға шығарылатын зиян қалдықтардың 20 есеге көбейіп кеткені белгілі болды.

Атырау облысында қоршаған ортаға улы қалдықтар шығаратын 6 компания бар. Оларға былтыр табиғат қорғау заңнамаларын сақтамағаны үшін 104 миллион теңге айыппұл салынған.

"Біз тексеріс нәтижесінде және өздерінің ПЭК бойынша есептерін тексергенде, оларда лиммиттен артық шықты. 700 мың текше метрден аса. Әкімшілік сотта қарағанда, өз тарапымыздан дәлелдедік. Құзырлы мекемелер де қатысты. Сонда 7 миллиард 200 миллион теңгедей айыппұл салынды сот шешімімен", - дейді облыстық экология департаментінің басшысы Әлібек Мұхаметов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!