Петропавлда жер үй өртеніп, егде жастағы ерлі-зайыпты өлі табылды

Петропавлда жер үй өртеніп, егде жастағы ерлі-зайыпты өлі табылды
Фото: КТК

Петропавлда жер үй өртеніп, егде жастағы ерлі-зайыптылар көз жұмды. Оқыс оқиға қала іргесіндегі Береке ықшамауданында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Қызыл жалын таңғы сағат бесте басталған. Түтінді көрген тұрғындар дереу Төтенше жағдайлар департаментіне хабарласыпты. Құтқарушылар жеткенше, жалынды өз күшімен өшіруге талпынған. Алайда тілсіз жау күш бермепті. Көршілер үйдің кіреберісіндегі дәлізден әйелдің денесін алып шықты. Ал өрт сөндіруішлер үйдің ішінен тағы бір ер адамның мәйітін тапты. Марқұмдар 64 және 54 жастағы ерлі-зайыптылар. Қазір мамандар өрттің неден тұтанғанын анықтап жатыр.

"Өрт орнына жетіп келгеннен кейін жеке құраммен өрт сөндіруге кірістік. Үйден ер адамның денесі табылды. Бұл өртке келердің  алдында тұрғындар өз күшімен үйдің кіреберісіндегі дәлізден әйелдің денесін тапқан болатын", - дейді Петропавл өрт сөндіру және апаттан құтқару бөлімінің бастығы Әділ Спаен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина