Павлодарлық ер адам көшеде таныспаған қыздарға тас лақтырған

Павлодарлық ер адам көшеде таныспаған қыздарға тас лақтырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Зардап шеккендердің бірінің сөзінше, ер адам тиісе бастаған. Кейін телефонға түсіре бастағанда, ол агрессия көрсетіп, тас лақтырған. Қыздар қашып кетуге мәжбүр болған. Ал ер адам оларды қуа жөнелген. Қазір полицейлер қала тұрғынын іздеп жатыр.

"Бұл дерек тіркелді. Ер адам кім екені анықталды. Қазір оны ұстау және жауапкершілікке тарту шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Павлодар қаласы Полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Ренат Шәріпов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!