Қазақстандықтар қанша елге визасыз бара алады?

Қазақстан азаматтары визасыз 39 елге бара алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Паспорттың күші бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 97 орынның ішінде 53-орынды иеленді. Рейтингке БҰҰ-ға мүше 193 ел және 6 аумақ қатысты (бірнеше ел бір орынды иеленуі мүмкін).

Қазақстанның индексі - 91 (индекс неғұрлым жоғары болса, ол елдің паспорты соғұрлым күшті саналады). Қазақстандық паспорты бар азаматтар визасыз 39 елге бара алады, ал 52 елде визаны барғаннан кейін ала алады, ал 107 елде қазақстандықтарға виза қажет болады.

Әлемдегі ең күшті төлқұжат БАӘ азаматтарына тиесілі. Олар үшін 125 елде визасыз режим қолданылады, тағы 55 елде визаны барғаннан кейін алуға болады және тек 18 елде виза қажет.

Биыл бірінші тоқсанда Қазақстанға 7,7 мың адам келді, бұл былтырмен салыстырғанда 87 пайызға көп. Оның ішінде Қазақстан қалаларына 5,5 мың адам келді, бұл былтырға қарағанда 2,2 есе көп. 

Сонымен қатар, елден 2,7 мың адам кетті, бұл былтырмен салыстырғанда 49,6 пайызға аз. Оның ішінде қалалардан кеткендер саны бір жылда 53,6 пайызға, яғни 2 мыңға дейін, ауылдарда 29 пайызға, яғни 620 адамға дейін қысқарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!