Өткен апта несімен есте қалды?

Өткен апта несімен есте қалды?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Massaget.kz тілшісі өткен аптадағы атышулы жаңалықтарға шолу жасады. 

Өткен аптадағы ең жантүршігерлік оқиға Астанада болды. Полиция департаменті 29 маусым, таңғы 6 шамасында жол көлік оқиғасын тіркеді. Chevrolet Malibu көлігінің жүргізушісі Сығанақ көшесімен "Арыс" көпірінде Қалдаяқова көшесіне қарай жүйіткіп келе жатып, рөлді тізгіндей алмай желіде "Жемқорлық ескерткішіне" соғылған.

Оқиға салдарынан 43 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалған. Соққының күшіне қарағанда, көлік асқан жылдамдықпен келіп соғылған. "Жемқорлық ескерткіші" - ол елордамызда құрылысы аяқсыз қалған ЛРТ. Қоғамдық көлік 2017 жылы, яғни ЭКСПО халықаралық көрмесі кезінде туристерді тасымалдау үшін ашылуы тиіс еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

10 жылға жуық қаланың сыйқын бұзып тұрған темір-бетон бағандар енді пайдаға жарамақ. Құрылыс жұмыстары биыл қайта басталғанын хабарлаған еді. Тіпті 1,5 жылдан кейін жылжымалы құрам жолға шығады деп сендірді. Дегенмен оны жолаушылар бірден пайдалана алмайтынын да айтты.

Көлік иелері нөміріне есімінің үш әрпін енгізе алады 

Енді өз көлігіңіздің нөмеріне атыңыздың үш әрпін жаздырта аласыз. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Министрдің сөзінше, мұндай қызметті жүзеге асыру үшін жоғары сұранысқа ие нөмірлердің тізбесін заңнамалық түрде бекіту қажет. Сондай-ақ, шенеунік осындай нөмірлерді сату арқылы бюджетке қосымша қаражат түсіруге болатынын жеткізді.

"Біз мемлекеттік нөмірлерді таңдауға бағытталған қызметті енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Мәселен, сатып алушы өз есімінің алғашқы үш әрпін енгізу арқылы қалаған нөміріне қол жеткізе алады. Бұл қызмет түріне бізде үлкен сұраныс бар", - деді министр.

Қостанай облысының қанын ішкен биыл маса емес, шегіртке

Әлеуметтік желілерде тұрғындар егістіктен түсірілген кадрларды жариялап жатыр. 

Халық қоғам мен жергілікті биліктен жауап күтіп отыр. Ал шаруа қожалығының басшысы егінді жинау қиын екенін бірінші 10 мың гектар жерді таптап кеткен еліктердің проблемасын, ал қазір шегіртке екенін айтты. Тіпті жергілікті органдар еш шара қолданбайтынын айтып налыды. Ал Шымкентте қаптаған шегірткеден құтылу үшін эколог мамандар оны аулап жеу керегін айтқан еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Наша Газета|Новости| Костанай (@ng.kz_)

Шегірткеден құтылу үшін әртүрлі химиялық дәрі себу ол шарудағы адам денсаулығына әсер ететіндігін, сондықтан шегірткені ұстап бургер жасап жеу керектігін айтты. Экологтың хабарын естіген Массагет порталының журналисі арнайы Нұрлан имамға хабарласып шегірткені жеуге бола ма деп сұрады. Алайда имам тіпті жейтін ештеңе табылмаса жауге болатындығын айтты. Бірақ та бұл заман шегіртке жейтін заман емес екендігін де жеткізді.

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты сот үкімінің күші жойылды

Оның себебі тіптен қызық. Үкімнің күшін жоюға Ресей газының бағасы туралы ақпаратты қамтитын құжаттың түпнұсқасының болмауы себеп болған. Яғни Ресей газының бағасы туралы ақпараттың түпнұсқа қағазы болмауы себеп. Мұндай жағдайларда сот үкімінің күші жоюға жатады, ал қылмыстық іс алқалы құрамдағы бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша апелляциялық сатыдағы соттың қарауына жатады. Сотталғандар мен олардың қорғаушыларының апелляциялық шағымдары ішінара қанағаттандырылды.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Боранбаев пен Нахановты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды, ал үйқамақтағы Жанұзақ дереу сот залында қамауға алынды. 2022 жылы 26 желтоқсанда Қаржылық мониторингі агенттігі айыптау бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Айыпталушылар сұйытылған мұнай газын сатып алу және қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру кезінде 14,5 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды. Аталған іс бойынша сот процесі Астанада 30 желтоқсанда басталды. Қайрат Боранбаев пен "Азия Газчунджа" ЖШС-нің негізін қалаушылардың бірі Роман Нахановқа сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру және иелену, заңсыз ақша мен мүлікті заңдастыру және қылмыстарға жәрдемдесу бойынша айып тағылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина