Көршілері қатты дауысты естіген: Ақтауда әйел 9-қабаттан құлап, мерт болды

Көршілері қатты дауысты естіген: Ақтауда әйел 9-қабаттан құлап, мерт болды
Фото: Сергей Кораблев/Lada.kz

Ақтауда әйел 9-қабаттан құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 8-шағынауданда болған. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

№16 үй тұрғындарының айтуынша, 2 шілдеде сағат 13.00 шамасында қатты дауысты естіген. Олардың сөзінше, әйел жерде жатқан. Тұрғындар қаза тапқан әйел 9-қабатта пәтер жалдағанын жеткізді. Ал таңертеңнен бері пәтерден айқай-шу естілген.

Полиция департаменті өкілі оқиға орнында 48 жастағы әйелдің мәйіті табылғанын мәлімдеді. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова