Қаскелеңде екі шетелдік жеке үйден өлі табылды

Алматы облысының Қаскелең қаласындағы жеке үйлердің бірінен екі шетелдік өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы облысы ПД басшысы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында хабарлады. 

Бұл жайт туралы 1979 жылы туған әйел 26 маусымда полицияға хабарлаған. Полицейлердің мәліметінше, Тәжікстанның 1989 жылы және 1996 жылы туған екі азаматы өлі табылған. 

Қылмысты жасаған күдікпен Тәжікстанның 1980 жылы туған азаматы ұсталған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.  

Бұл факт ҚР ҚК 1-тармағының 2-бөлігінің 99-бабы бойынша аудандық полицияның ЕҚДБ-да тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге де ақпарат жария етілмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!