Алматының тау бөктерінде 52 заңсыз нысан анықталды

Алматының тау бөктерінде 52 заңсыз нысан анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оларға бастапқы құжаттарды бұзу және жою туралы сот ісі қозғалды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кеңесінің отырысында Алматы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді. Алайда "нүктелі құрылысқа" байланысты қолданыстағы нормаларда жобалау алдындағы құжаттаманы беруден бас тартуға негіз жоқ.

Сондықтан Алматы әкімдігі ел заңнамасына бірқатар түзетул енгізуге бастамашылық танытты. Яғни қала орталығында "нүктелі құрылысқа" тыйым салуды, қала құрылысы құжаттамасын түзетуге мораторий енгізуді, жобалық құжаттаманы тиісінше салыстырып тексермегені үшін жауапкершілік белгілеу, егер адамдардың өміріне қауіп төнсе, құрылысты тоқтата тұру мүмкіндігін және т.б. енгізу ұсынылады.

Алматы әкімі орынбасары Әлішер Әбдіқадыровтың сөзінше, сәулет, құрылыс және жер қатынастары саласындағы заңнаманы жетілдіру және құқықтық қайшылықтарды болдырмау жұмыстары жалғасып отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!