Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан 30 жастағы әйел қаза тапты

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан әйел қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірлік ПД-ға сілтеме жасап.

Оқиға 1 шілдеде Кербұлақ ауданында тіркелді. Сарыөзек-Көктал тасжолының 67-шақырымында, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде 25 жастағы Toyota Harrier жүргізушісі көлігін аударып алған.

Автокөлік салонында жүргізушімен бірге үш адам болған. Оқиға орнында 30 жастағы әйел қайтыс болды. Аяғы сынып және басқа да жарақат алған көлік жүргізушісі Сарыөзек ауылының ауруханасына жатқызылды.

Полиция көлік жүргізушілерінен жылдамдық режимін қатаң сақтауды сұрайды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!