Алматыда Ұлттық домбыра күні қалай тойланады?

Алматыда 2 шілдеде сағат 20:00-де Абай алаңында Ұлттық домбыра күніне орай "Аңыз Домбыра" мерекелік концерті өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Мерекелік концерт сахнасында Мейрамбек Бесбаев, Асылбек Еңсепов, Ғазизхан Шекербек, Жанар Айжанова, "Алашұлы" тобы, Тамара Асар, Ерболат Құдайберген, Нұрлан Албан, "Ұлытау" тобы, Райм Уайс, Kyle Ruh, Made in KZ және т.б. өнер көрсетеді.

Мерекелік концертке танымал күйшілер Нұржан Тәжікенов, Айгүл Қосанова, Тілеулес Құрманғалиев, Сәуле Жанпейісова, Гүлмира Сарина, Ардақ Исатаева және Еркін Құдайберген қатысады. Олар ұлы композиторлар Құрманғазы мен Н.Тілендиевтің танымал халық әндері мен шығармаларын орындайды. Іс-шара аясында қазақ халық аспаптары шеберлерін - талантты қолөнершілерді естелік сыйлықтармен марапаттау өтеді.

Ұлттық домбыра күнін мерекелеу қаланың басқа аудандарында да өтеді:

- Әуезов ауданында "Ұлттық домбыра күні" мерекелік флешмобы 2 шілдеде сағат 09:00-де Алтынсарин даңғылы, 23 мекенжайы бойынша аудан әкімдігі ғимараты алдында өтеді.

- Алатау ауданында "Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра" мерекелік концерті Ұлттық домбыра күніне орай 2 шілде сағат 11:00-де Нұркент 5/11 шағынауданындағы мультимедиялық орталықта  өтеді.

- Жетісу ауданында Ұлттық домбыра күніне арналған "Алтын домбыра - Жетісу әуені" атты балалар арасындағы байқау 2 шілдеде сағат 12:00-де Серіков көшесі, 2 мекенжайындағы "Гүлдер" саябағында өтеді.

- Медеу ауданында 30 домбырашы мен Медеу ауданының жалпы білім беретін мектептері оқушыларының қатысуымен шағын флешмоб 1 шілдеде сағат 10:00-де, Зенков көшесі жағынан 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!