Алматыдағы бірқатар көшеде жол қозғалысына уақытша өзгерістер енгізіледі

Алматыдағы бірқатар көшеде жол қозғалысына уақытша өзгерістер енгізіледі
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыдағы бірқатар көшеде жол қозғалысына уақытша өзгерістер енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы Қалалық мобильділік басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

әл-Фараби даңғылы Рысқұлбеков көшесінен Дулати даңғылына дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 3 шілдеде мына маршруттардың қозғалыс схемаларына уақытша өзгерістер енгізіледі:

  • №38A маршрут оңтүстік бағытта (айналма жолмен) - Мұстафин көшесі - Саин көшесі (айналма жолмен) - одан әрі схема бойынша, кері бағытта өзгеріссіз;
  • №119 маршрут солтүстік бағытта - Асқаров көшесі - Садықов көшесі - Саин көшесі, одан әрі схема бойынша, кері бағытта өзгеріссіз.

Әйгерім-2 ықшамауданында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 3 шілдеден бастап жұмыстар аяқталғанға дейін №102 маршрут сызбасына да уақытша өзгерістер енгізіледі:

  • солтүстік бағытта Шұғыла көшесі - Әлмерек абыз көшесі - Қожаханов көшесі - Бенберин көшесі - одан әрі схема бойынша; оңтүстік бағытта - Бенберин көшесі - Қожаханов көшесі- Әлмерек абыз көшесі - Шұғыла көшесі - одан әрі схема бойынша.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова