Қостанай облысында төсекте темекі шегудің салдары қайғылы жағдайға ұласа жаздады

Қостанай облысында төсекте темекі шегудің салдары қайғылы жағдайға ұласа жаздады
Фото: elements.envato.com

Рудныйда пәтерлердің бірінде өрт шығып, екі адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рудный қаласының 2-МӨСБ кезекші қызметіне сағат 16:59-да Корчагин көшесі бойында 5-қабатта шағын отбасылық үлгідегі тұрғын үйде пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел түрде 11 адам және 9 өрт сөндіру техникасы жіберілген. Оқиға орнына келген кезде 5-қабатта екі бөлмеден тұратын тұрғын секцияларының бірінде өрт шыққаны анықталды.

Автокөлік сатысы көмегімен балконда өрттен жасырынған 1974 жылы туған ер адам эвакуацияланды. 1963 жылы туған тағы бір адамды көрші бөлмеден газ-түтіннен қоғау қызметі ес-түссіз күйінде тауып алған. Өртсөндірушілер оны құтқару қапшығын қолданып, қалың, улы түтінге оранған баспалдақтан эвакуациялады.

Улы газдан улану диагнозы қойылған азаматтар жедел жәрдем көлігіне тапсырылды. Сағат 17:45-те өрт сөндірілді.

Оқиға бойынша тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі - отты мұқият пайдаланбау (төсекте темекі шегу).

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова