Марихуана, шолақ мылтық: Түркістанда күдікке ілінген екі тұрғын ұсталды

Марихуана, шолақ мылтық: Түркістанда күдікке ілінген екі тұрғын ұсталды
Фото: #@POLICE_of_KZ

Түркістанда полицейлер күдіктілерден қару-жарақ пен есірткі тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Төле би ауданының екі тұрғынын ұстағаны хабарланды.

"Тінту кезінде күдіктінің бірінен ішінде есірткіге ұқсас заты бар 5 орама мен шыны ыдыс, сондай-ақ басқа да айғақты заттарды табылды. Сараптамаға сәйкес, алынған есірткі жалпы салмағы шамамен 100 грамм болатын марихуана болып шықты", - делінген хабарламада.

Екінші күдіктінің үйіне тінту жүргізіп, оның шатырынан 16 калибрлі екі ұңғылы шолақ мылтық тәркіленген. Бұл факт ҚР ҚК-нің 297-бабы, 287-бабы бойынша тіркелген. Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан