Ағзаны токсиндерден тазалау үшін не істеу керек? 

Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында токсиндерден тазалу жолдарын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер токсиннен тазару оңай екенін айтты.

"Біз қалаған уақытымызда ағзамызды артық шлактардан, токсиннен тазарта аламыз. Ауру асқынбасын десеңіз, шлак-токсиндерден құтылыңыз. Токсинді шығару үшін адам әрекеттену керек. Өйткені ағза оларды өздігінен шығара алмайды. Мысалы, біз жиі сөз ететін органдар - асқазан-ішек жолдары, өт, бауыр, тері - нағыз токсиндердің жиналатын жері", - деді ол.

⠀Токсиндер қалай жиналады?

  • тамақтарды дұрыс қолданбау;
  • ащы тағамдарды көп жеу;
  • зат алмасу процесінің бұзылуы;
  • антибиотиктерді ұзақ уақыт қолдану;
  • қорғаныш функцияларының әлсіз болуы;⠀

Ағзада токсиндер бар екенін қайдан білеміз?

"Кейде қараптан-қарап бас ауыратын кез болады. Қанша ұйықтасаңыз да, ұйқы қанбай, не шашыңыз түсіп, тері бүлінетін кез көп кездеседі. Бұның бәрі токсиннің көп екенін білдіреді", - деді дәрігер.

Сонымен қатар, мына белгілер де ағзада токсин көп екенін білдіреді:

  • Буыныңыздың қақсап ауыруы;
  • Тәбетіңіз болмауы;
  • Асқазаныңызда ауырлық сезімі пайда болуы;
  • Үнемі шөлдеу;
  • Аузыңыздан жағымсыз иіс шығу.

Ағзаны токсиндерден тазалау үшін не істеу керек? 

Дәрігер Ұлжалғас Сманова шлактан құтылуға көмектесетін кеңестер ұсынды:

  1. Су ішу нормасын сақтау;
  2. Жартылай дайын өнімдерден, консерванты мен бояуы бар тамақтардан бас тарту;
  3. Зиянды тамақтарды мүлдем жемеу;
  4. Апта сайын моншаға бару;
  5. Физикалық қозғалыста болу;
  6. Ұйқы мен демалысты реттеу;
  7. Түймедақ шайын ішу;
  8. Ақжелкен мен аскөкті жиі жеу.

Өт айдайтын дәрі-дәрмектердің пайдасы мен зияны