Алматы облысында тау баурайында құрғақ шөп өртенді

Алматы облысында тау баурайында құрғақ шөп өртенді
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Алматы облысы Талғар ауданында құрғақ шөп өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 шілдеде сағат 11:09-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданында, Байбұлақ ауылының маңында, таудың баурайында 10 гектар құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Елді мекенге қауіп жоқ. Ауылға дейінгі қашықтық 1 километр, тау мен ауыл арасында өзен ағып жатыр. Сағат 14:30-да өрт толығымен сөндірілді. Өрттің аумағы 7 гектар болды", - делінген хабарламада.

Өртті жоюға ТЖД 17 қызметкері мен 4 техникасы, 15 әскери қызметшісі және № 28237 әскери бөлімінің 1 техникасы, 6 адам және жергілікті атқарушы органдардың 1 техникасы, 12 адам және 2 орман шаруашылығы техникасы жұмылдырылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан