Қазақстанда көлік ұрлығының жаңа түрі пайда болды

Қазақстанда көлік ұрлығының жаңа түрі пайда болды
Фото: © elitar.kz

Қазақстанда жүргізушілер көлік ұрлығының жаңа түріне тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elitar.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы тұрғыны Максим Николаев алаяқтық схема туралы айтты. Жақында оған Қарағандыдан жөндеуге Mitsubishi Pajero көлігі әкелінген. Көлік ретке келтірілгеннен кейін шебер иесінен көлігін алып кетуін өтінген. Бірақ иесі басқа қаладан келе алмай, механиктен көлікті автотасмалдаушымен жіберуді өтінген, бірақ із-түзсіз жоғалып кеткен.

"Гараждағы көлік маған кедергі келтірді, мен иесінен оны алып кетуді өтіндім. Ол алмады және эвакуатормен жіберуімді өтінді. Ол маған дауыстық хабарлама жолдап, жұмыстан қолы босамайтынын және оны жөндеуден алуға мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Басында көлік тасымалдаушы танысыма жүгіндім, бірақ ол көлікті тиеуге ала алмады. Содан Instagram-да автотасымалдаушы қызметі туралы жарнаманы көрдім, бірақ иесіне Pajero-ны Қарағандыға жеткізуге болатын сома ұнамады. Мен 170 мың теңгеге тапсам, иесі оны 100 мыңға тауыпты. 24 маусымда көлік иесі автотасмалдаушы тауып алғанын айтты", - деп еске алады алматылық.

Кейін бұл нағыз ойластырылған алаяқтық екені белгілі болған. Николаев полицияға арыз жазған.

"Автокөлік тасмалдаушының иесі маған мессенджерге қоңырау шалып, байланыс өте нашар жұмыс істеп тұрғанын және оған интернет арқылы сөйлесу ыңғайлы екенін айтты. Ол бірнеше сағатта көлікті алып кетуге дайын екенін айтты, бірақ бұл жолы маған ыңғайсыз болды. Сосын компаниядан эвакуатор келетінін, көлікті тасмалдаушыға өздері апарып тиейтінін айтты. Эвакуатор жүргізушісі көлікті "Барлық" аумағына (Алматы іргесіндегі базар) жеткізіп берді, адамдар жеке көлігімен келіп, кілтін алып, ақшасын алып, көлікке тиейтінін айтты. Болды! Кейін жоқ болып кетті. Көлік жоқ", - деп Максим схеманы сипаттады.

Әлеуметтік желіде тұрғындардан көлікті табуға көмек сұралады.

"Егер жолдарда 321 НКА (09 аймақ) нөмірі бар Mitsubishi Pajero 2-буынды көлігін көрсеңіз, 8 707 431 43 44 нөміріне хабарласыңыз", - делінген жазбада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан