Алматыдағы Абай даңғылында уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Алматыдағы Абай даңғылында уақытша көлік қозғалысы шектеледі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыдағы Абай даңғылында уақытша көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.

1 шілде сағат 00:00 мен 06:00 аралығында түнгі уақытта қозғалысты шектемей Абай даңғ автобус жолағын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал 1 және 3 шілде аралығында сағат 23:00 мен 06:00 аралығында Абай даңғылының Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі бөлігінің солтүстік бетінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы шектелетін болады. 2 және 3 шілде күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.

Көлік қозғалысының шектелуіне байланысты троллейбус маршруттарының сызбаларына уақыта өзгерістер енгізіледі:

- №25 маршрут – Абай даңғ шығыс - Желтоқсан солтүстік - Гоголь шығыс – Орталық саябақ - Гоголь батыс - Наурызбай батыр оңтүстік – Абай даңғ батыс, одан әі маршрут бойынша;
- №11 және №19 маршруттары Абай даңғ шығыс - Желтоқсан солтүстік - Гоголь шығыс – Орталық саябақ – Гоголь батыс – Қалдаяқов солтүстік - Жібек жолы батыс - Пушкин оңтүстік - Гоголь батыс - Наурызбай батыр оңтүстік - Абай даңғ батыс, одан әі маршрут бойынша;
- №9 маршрут – Байтұрсынов солтүстік - Абай даңғ шығыс - Желтоқсан солтүстік - Гоголь шығыс – Орталық саябақ – Гоголь батыс – Қалдаяқов солтүстік - Жібек жолы батыс - Пушкин оңтүстік - Гоголь батыс - Наурызбай батыр оңтүстік - Қабанбай батыр батыс, одан әі маршрут бойынша.

"Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - деді басқарма өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина