"Менің балама бер!" Атырауда сыйлыққа таласқандар видеоға түсіп қалды

Атырауда сыйлық үшін жаппай дүрбелең видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрларға қарағанда оқиға алаңдағы киіз үй маңында болды. Көпшілік арасында әйелдердің бірінің "Менің балама бер!" деп айғайлағаны естіледі.

Видеоға Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі өкілі пікір білдірді. Оның сөзінше, оқиға Исатай мен Махамбет алаңында Құрбан айтты тойлау уақытында болған.

"Шағын кезек болды, 1000-ға жуық сыйлық таратылды және киіз үйде уақытша тарату пункті ұйымдастырылды. Осы жағдайға байланысты еріктілер алаңда сыйлықтар таратты. Құқық қорғау органдарына немесе медицина қызметкерлеріне осы дерек бойынша ешкім жүгінген жоқ", - деп түсіндірді Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!