СҚО-да полиция ғимаратының маңынан 56 жастағы ер адам өлі табылды

СҚО-да полиция ғимаратының маңынан 56 жастағы ер адам өлі табылды
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданында полиция әкімшілік ғимаратының маңынан 56 жастағы ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, ер адамнан көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

"Бейнебақылау камералары арқылы ер адамның аудандық полиция бөлімінің №2 әкімшілік ғимаратына қарай жолды кесіп өтпек болғаны анықталды. Ол өз бетінше ғимарат аумағына өтті, кейін оның мәйіті табылды", - деп хабарлады департаменттегілер.

Ер адам көз жұмған жердің аумағы күзетілмеген және бас полиция ғимаратынан 100 метр қашықтықта орналасқан. Қазір бұл іс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар мен қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Арнайы тексеріс тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек