Ақтауда жағадан итбалықтың өлекселері табылды

Ақтауда жағадан итбалықтың өлекселері табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Куәгерлер қаладан шамамен 40 шақырым жердегі жағада жатқан өлі итбалықтарды видеоға түсіріп алған. Кадрларда өлекселердің бірінің кей жерлерінде терісі сыпырылып қалғаны көрсетілген.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда итбалық өлі табылғаны, жануардың өлексесі адамдарға қауіп тудыруы мүмкін екені хабарланған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!