Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: tengrinews.kz

Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

29 маусымда Алматы және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл қалаларда ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Бұған дейін ПІБ медициналық орталығының өкілі Роза Бәкенова мұндай кезеңдерде далаға көп шықпауға кеңес берген болатын. Егер сыртқа шықсаңыз, онда респираторларды, ылғалданған маскаларды қолданыңыз.  

Аллерголог Тайыр Нұрпейісов көлік көп қала орталығында серуендеуден бас тартуды ұсынады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек