Депутат Руслан Берденов 830 мың теңге жалақысын қайырымдылыққа беріп жүргенін айтты

Руслан Берденов депутат ретінде алатын 830 мың теңге жалақысын қайырымдылыққа беріп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы депутат журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

"Жалақы 830-840 мыңдай. Біздің партия (Respublica-еск.) мүшелерінің көбі ол айлықтан бас тартты. Ол айлықты қайырымдылыққа жібереді. Оның қатарында мен де бармын. 800 мың теңгемен мен байып қалмаймын ғой", - дейді депутат. 

Еске салайық, Руслан Берденов VIII сайланған депутат, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 

1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген.

2006 жылы менеджмент мамандығы бойыншаәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП Университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесімен бітірді. Еңбек жолын 2005 жылы "Almaty Kus"Сеймар Груп ААҚ-да бастаған.

Сәуір 2005 жылы - тамыз 2007 жыл- бөлшек сауда директоры лауазымы, Procter & Gamble LLP жұмыс орны;

Ақпан 2007 жыл - шілде 2010 жыл - лауазымы "EASTCOMTRANS"ЖШС Бас логистикалық үйлестірушісі

Шілде 2010 жыл - қараша 2012 жыл - "Ақ НИЕТ"ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің бастығы

Қараша 2012 жыл - қыркүйек 2017 жыл - "Ақ НИЕТ"ЖШС Бас директоры

Мамыр 2018 жыл - наурыз 2023 жыл - Бақылау Кеңесінің Мүшесі.

2023 жылғы наурыздан бастап VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты "Respublica"партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!