Екібастұзда екі көлік соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті

Екібастұзда екі көлік соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Апат салдарынан жүргізуші зардап шекті.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17:00 шамасында Пішембаев – Қазбек Нұралин көшелерінің қиылысында Mitsubishi көлігі мен "Газель" автокөлігі жол апатына ұшыраған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 44 жастағы "Газель" автокөлігінің жүргізушісі жарақат алды. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жатқызылды", - деді департаментте.

Автомашиналар мамандандырылған тұраққа қойылды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, сараптама тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!