Алматының бірқатар ауданында уақытша суық су болмайды

Сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты Алматының бірқатар ауданында уақытша суық су болмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

30 маусымда сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Әл-Фараби - Қазыбаев-Ганди - Назарбаев көшелері аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға, "Жерұйық", "Нұрлы таң" тұрғын кешендеріне суық су беру тоқтатылады.

Жұмыс кезінде Чайкин, Митин, Рубенштейн, Елибеков көшелері, Достық даңғылы 308, Самал-1, 2 шағынауданы, "Достық резиденттері" тұрғын үй кешені бойынша су қысымы төмендейді.

1 шілдеде сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Баймағамбетов көшесінің батысындағы Жас қанат шағынауданында орналасқан жеке тұрғын үйлер суық судан уақытша ажыратылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!