"Титанның" ең жас жолаушысы Сүлеймен су астында рекорд орнатпақшы болған

"Титанның" ең жас жолаушысы Сүлеймен су астында рекорд орнатпақшы болған
Фото: Видеодан кадр/bbc.com

"Титан" сүңгуір кемесінің қаза тапқан бес жолаушының бірі, 19 жастағы Сүлейман Дауд мұхит тереңдігінде әлемдік рекорд орнатуы үшін өзімен бірге Рубик текшесін алып кеткен, деп хабарлайды оның анасы BBC арнасына берген сұхбатында.

Сүлейман сүңгуден бұрын да Гиннестің рекордтар кітабына өтініш берген, ал әкесі Шахзада Дауд өзімен бірге бейнекамера алған.

Кристин Дауд пен оның қызы Алина су астына батискафтың сүңгуін қадағалайтын Polar Prince зерттеу кемесі бортында болған кезде олар "Титанмен" байланыс үзілгенін білген.

"Ол кезде мен бұл ақпаратты қабылдай алмадым және оның нені білдіретінін түсінбедім, содан кейін бәрі белгілі болды", - деді ол өзінің алғашқы сұхбатында.

Оның айтуынша, күйеуімен бірге "Титаниктің" қирандыларына түсуді жоспарлаған, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты сапар тоқтатылған. Содан кейін ол бұл идеядан бас тартып, ұлына экспедицияға қатысу мүмкіндігін беруді шешкен.

Сүлеймен кубик текшесін жинауды әдетке айналдырған. Рубик текшесін өзімен бірге барлық жерде алып жүрген  және 12 секундта жинай алған.

Анасының айтуынша, Сүлеймен 3800 метр тереңдікте, "Титаниктің"  алдында Рубик текшесін жинамақ болған. Сүлеймен Глазгодағы Стратклид университетінің студенті еді.

Осы уақытта пәкістандық кәсіпкер Шахзада Даудтың әпкесі Азме Дауд оның жиені "Титаниктің" қирандыларына арналған су асты экскурсиясына қатысқысы келмейтінін, тіпті "Титаникке" сүңгу алдында қорқып кеткенін айтты.

Қаза тапқандар арасында "Титанның" қожайыны, OceanGate компаниясының 61 жастағы басшысы Стоктон Раш, 58 жастағы британдық кәсіпкер Хэмиш Хардинг және Францияның бұрынғы әскери-теңіз күштерінің қызметкері 77 жастағы Пол-Анри Наржоле де бар.

Кристин Даудтың айтуынша, олар Сүлеймен мен Шахзада батискафқа кіргенге дейін үнемі құшақтасып, әзілдескен.

Кристин Дауд күйеуін сыртқы әлемге қызығатын ізденімпаз адам ретінде сипаттайды.

"Ол отбасын кешкі астан кейін деректі фильмдер көруге мәжбүр ететін", - дейді ол.

Отбасы сенбі күні Сент-Джонсқа оралды, ал жексенбіде имам Шахзада мен Сүлейменнің, сондай-ақ экипаждың қалған мүшелерінің жаназа намазын оқыды.

Бұған дейін хабарланғандай, суға батқан "Титаник" лайнерінің қалдықтарына экскурсия жасаған "Титан" батискафы 3500 метрі тереңдікте қысымға шыдамай жарылып кеткен. Салдарынан борттағы 5 экипаждың барлығы қаза тапқан.

Бұған дейін мамандар "Титан" экипажының қалай қаза тапқанын айтып берген болатын.

Т. Раушанұлы