Талдықорған тұрғыны 80 бұта есірткі өсімдігін өсірген

Талдықорған тұрғыны 80 бұта есірткі өсімдігін өсірген
Фото: Polisia.kz

Талдықорған тұрғынынан есірткі заттары бар өсімдіктердің 80 бұтасы тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Прокуратураның үйлестіруімен полицейлер Талдықорғанда марихуана өсірді деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.

Ұсталған адамның жеке тұрғын үй учаскесінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің 80-нен астам бұтасы табылды.

Фото: Polisia.kz

Марихуана өсірілген учаскеде жерді қопсыту, суару сияқты күтім жұмыстары жүргізіліп отырылған. Сондай-ақ ер адамның бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина