"Бір болайық" шоуы рейтинг үшін әдейі ұрыс-жанжал ұйымдастыра ма?

"Бір болайық" шоуы рейтинг үшін әдейі ұрыс-жанжал ұйымдастыра ма?
Фото: видеодан кадр

"Bir bolayiq" реалити-шоуында кей ұрыс-жанжалдар, төбелестер қолдан ұйымдастырылады ма? Бұл сұраққа атышулы "Қалаулым" жобасының шеф редакторы және  "Bir bolayiq" шоуының жүргізушісі Шахкерім Кәрменов Асхат Садырбайдың "Paradox" жобасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шахкерім Кәрменов шоуға кей қатысушылар өз сценарийімен келетіндерін айтты.

"Ондай құрал бар. Ол телевизияда, әсіресе, реалитиде бағзы заманнан бері қолданып келе жатыр. Бірақ мысалы, кез келген қолмен ұйымдастырылған махаббат, ашу, ұрыс қолмен ұйымдастырылғаны ашық көрініп тұрады. Қазақстанда реалитидің үлкен ерекшеліктрі бар. Мысалы, АҚШ-та, Ресейдегі "Дом 2"-да "сен осылай қызық бол" деп, бірдеңені оған айтқызуы мүмкін, ол айтады, одан соң оны тоқтата алмайды. Бізде әр адамның өмірі реалити. Біздің реалити форматтың ерекшелігі - айтқыза алсаң, қолмен ұйымдастыруға қажет ештеңе жоқ дейді журналист.

Ол бұл мәселені жан жақты түсіндіріп берді.

"Бұл эфирде жалған мәселелер көрініс таппайды деп айтпаймын. Жалған мәселелер болады. Қалайша? Мысалы, мен сізбен редактор ретінде сөйлесіп отырмын, "осындай жігіт екенсің, мына қызға ғашықсың ба", "иә" дейді, "үйленесің ба" деймін "иә" дейді, үйленуге келе жатыр. Міне, үйленемін дегенде, қылт ете қалды, бірдеңе болып қалды. "Тойың қашан" десем, "анау қарсы, мынау қарсы" деп жүреді. Сөйтсең, бұл ағам "мен мына жобаға қатысушы болып келемін, сен маған келші, екеуміз махаббат ойнайық, сенің, менің оқырманым (подписчик) өседі" деп өзінің сценарийімен келген. Ал маған оны анықтау үшін белгілі бір уақыт керек. Бағдарламада жалғандық бар ма? Иә бар, өйткені, механизмнің ішінде бір алаяқ жүр, ол өзінің жалғанын эфирге беріп жатыр. Әр қатысушының артын аңдып отыру мүмкін емес. Менің редакциямда қателеспесем жеті-ақ адам. Бұл 7 адам 30 адамның сценарийін жазып беруі мүмкін емес", - деп жауап берді ол.

Еске салайық, Аша Матай атышулы "Қалаулым" бағдарламасын неге жүргізбей кеткенін айтқан болатын.

А. Жапатова