Иманбек Павлодар мұражайына ерекше тарту жасады

Иманбек Павлодар мұражайына ерекше тарту жасады
Фото: instagram.com/ar_man_kazakhstan

Қазақстандық диджей және дыбыс продюсері, Грэмми сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов өзінің платина дискісін Потанин атындағы Павлодар облыстық мұражайына сыйға тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы мекеменің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды.

"Танымал жерлесіміз, Грэмми сыйлығының иегері диджей Иманбек мұражайға 2021 жылы алған платина дискісін сыйға тартты. Жақын арада дискіні мұражай экспозициясынан көруге болады", - делінген хабарламада.

instagram.com/ar_man_kazakhstan/

Айта кетейік, Imanbek, Иманбек Зейкенов - Қазақстанда, сондай-ақ, Ресей, Украинада Imanbek Music лейблімен танымал қазақ продюсері, музыка ремиксері. 2019 жылы Saint Jhn-ның Roses әніне ремикс жасап, Grammy ұтып алды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек