"Пәтер ашық, барлық жер қан". Қарағандыда жоғары қабаттан құлаған әйелдің жанында ер адам болған

Қарағанды полициясы әйелдің өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша істі тергеп жатыр. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарап кеткен еді. Куәгерлер бұл оқиғаның жұмбақ тұстары барын мәлімдеді. Көршілердің пікірінше, қызды ұрып-соғып, биіктен итеріп жіберуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарағандының орталық көшелерінің бірінде орналасқан үйдегі төтенше жағдай бүкіл қаланы дүр сілкіндірді. Балконнан құлаған 27 жастағы әйел зардап шекті. Осылайша, оның мойын омыртқасына зақым келді. Қазір ол ауруханада, жағдайы орташа ауыр. Ал полицейлер бұл өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне дейін жеткізу деп күдіктеніп отыр.

"Құқық қорғау органдары куәгерлерді анықтады. Сонымен қатар, әйелдің қасында болған досының тегі белгілі болды. Ер адамды полиция бөліміне жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай ақ, азамат ауруханадан шыққаннан кейін қозғалған қылмыстық іс бойынша нақты іс жүргізу шешімі қабылданады", - дейді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Куәгерлер мен көршілер төтенше жағдай болған екі бөлмелі пәтер күн сайын жалға берілетінін айтты. Олардың сөзінше, бұл жұпты бұрын ешкім көрген емес.

"9-30-да басталды: шу, төбелес, айқай. Оны ұрып-соққандай әсер қалдырады. Балкон есігі, тор бәрі қан. Ас үйде виски мен 2 бөтелке сыра болды", - дейді көршісі Борис Сергеев.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда әйел төртінші қабаттан құлап кеткені хабарланған еді. Қарағанды ​​облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, қыз комада жатыр, диагнозы - ми жарақаты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!