Telegram-да ерекше функция пайда болады

Telegram-да Stories пайда болады. Бұл функция туралы Павел Дуров жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павел Дуровтың айтуынша, Telegram-дағы Stories  функциясы шілдеде қолданушыларға қолжетімді болады.

"Біздің қолданушылар бірнеше жыл бойы бізден Stories-ті Telegram-ға енгізуді сұрап келеді. Бізге келіп түсетін сауалдың жартысынан көбі Stories-ке қатысты.

Бастапқыда біз бұған қарсы болдық, өйткені бұл функция барлық жерде бар. Дегенмен егер қолданушыларға құлақ аспасақ, тыңдамасақ және бар форматтарды жаңартпасақ, Telegram Telegram болмас еді. Жақында біз Telegram стилінде Stories-ті іске қосамыз", - деп жазды Дуров өз арнасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!