Атырауда жекеменшік балабақшада 3 жасар қыз саусағынан айырылды

Атырауда жекеменшік балабақшада 3 жасар қыз саусағынан айырылды
Фото: elements.envato.com

Атырауда жекеменшік балабақшада 3 жасар қыз саусағынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ата-ана мұның қалай болғанын білмейді. Балабақша өкілдері болған оқиғаның мән-жайын түсіндіре алмаған.

Сәбиді ауруханаға тәрбиеші алып кеткен. Баланың ата-анасы кейін медициналық мекемеге шақырылған.

"Сол қолының 4-ші саусағының жарақаттанған. Травматолог-ортопедпен кеңесу, қол-аяғы саусақтарының рентгенографиясы, жарақатты хирургиялық өңдеу, таңу, инфильтратив анестезия жүргізілді", - деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

Сәбидің ата-анасы полицияға арыз жазған.

"Қылмыстық кодексінің 141-бабы бойынша "Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Сот сараптамасы тағайындалды", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек