Ақмола облысында қараусыз қалған полигоннан снаряд табылған

Ақмола облысында Ерейментауда қараусыз қалған полигоннан артиллериялық снаряд табылған. Полиция қызметкерлері бұл дерек бойынша тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл ерекше затты аудан орталығының тұрғындары Ерейментаудың шетіндегі қараусыз қалған қоқыс полигонының аумағында металл жинау кезінде тапқан. Снарядты көрген ақмолалықтар дереу құқық қорғау органдарына хабарласқан.

ПД техниктерінің бастапқы тексеру қорытындысына сәйкес, бұл зат коррозиямен толық тот басқан 125 миллиметр фугасты снаряд екені анықталды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында табылған қару сол жерде жойылды жән оның сынықтары сараптамаға жолданды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!