"500 теңгені орап түтікше жасап қойған". Актриса Анара Батырхан есірткімен бетпе-бет келген кезін еске алды

Әнші, актриса Анара Батырхан есірткімен бетпе-бет келген кездегі жағдайын жеткізді.  Бұл туралы ол El kz ақпараттық порталының youtube-тегі "Базарlike" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актриса, тележүргізуші Анара Батырхан есірткі қолданған жағдайды көріп қатты шок алғанын жеткізді.

"Бұл есірткі жайлы өте ауыр тақырып. Қазір осы жағдайларды естіп қатты қынжыламын. Ішімдік ішсе, темекі шексе жарайды деп қарайтынбыз. Қазір анаша, синтетикалық есірткі белең алып барады. Мен еш жерде айтпағанмын қазір айтайын, төрт жыл бұрын бір отырыста болдым. Мен әжетханаға бардым, қасыма сол кеште жүрген қыз артымнан келді. Мен ол қызды танимын. Менімен бірге кірді. Мен басында түсінген жоқпын, не істеп жатқанын. Өзінің жаңағы есірткісін шығарып жатыр, менде шок болды. Мен қайда қашарымды білмедім. Өмірімде бірінші рет сондай затты көргенде "не істеп жатырсың?" дедім. Ол қолындағы 200 немесе 500 теңгені орап алған кәдімгі түткіше (трубочка –еск.) дайындап қойған. Телефонын қойып есірткіні дайындап қояды екен. Мен соны көріп бәрін шағып, қызды итеріп айттым. "Сен мені мына жерден шығарасың немесе мен бәрін шақырамын" дедім. Ол қыз бірден қорқып кетіп. "Жарайды бұл пранк, қалжың деп ақтала кетті", - дейді актриса.

Актриса сондай-ақ, ол қызды қазірде көретінін және танымал адамның құрбысы екендігін жеткізді.

© видеоскрин

"Мен ол қызды қазір көрсем алыстан қашамын. Өзі танымал адамның құрбысы. Ол қызды өткен жолы жанар-жағармай бекетінде көріп оны көрмегендей қаштым. Себебі қорқым кеттім бе сол кезде білмеймін. Мен ондай нәрсені кинодан ғана көргенмін. Менің көз алдымда болған кезде ойладым адам қаншалықты жек көру керек осындай затқа бару үшін. Себебі бұл тәуелділік. Бұл өз-өзін өлтіру. Ешқашан жоламаңыздар. Ешкімді тыңдамаңыздар. Мен темекі шекпеймін, ішімдік ішпеймін. Мен өзім бұндай затқа шын қарсымын", - дейді Анара Батырхан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!