Қарағандыда сақтандыру компаниясының менеджері құжаттарды қолдан жасады деген күдікке ілінді

Қарағандыда сақтандыру компаниясының менеджері құжаттарды қолдан жасады деген күдікке ілінді
Фото: Polisia.kz

Қарағандыда техникалық байқаудан өту құжаттарын қолдан жасаған сақтандыру компаниясының менеджері ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне қаладағы сақтандыру компанияларының бірінде жалған техникалық байқаудан өту құжаттарын сатып жатқаны туралы ақпарат түсті.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында сақтандыру компаниясының 35 жастағы менеджері ұсталды.

Ұсталған әйелден айғақ заттар, соның ішінде автокөліктердің техникалық байқаудан өткені туралы жалған 24 мөр басылған бланк тәркіленді.

Сондай-ақ, күдіктінің тұрғылықты мекенжайынан РФ сақтандыру компаниясы деген мөр, РФ сақтандыру компаниясының 33 бланкі, әртүрлі көлікке қатысты 30 дана диагностикалық карта, пневматикалық тапанша және екі пышақ тәркіленді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек